• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Жаңалықтар

"Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үрдістері" атты республикалық конференциясы

2023 жылғы 12 қазанда, Ақтау қаласында  Достық үйінде  Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасының 50 жылдық мерейтойы аясында "Кітапхана ісін дамытудағы заманауи әлемдік үрдістері" атты республикалық конференцияның пленарлық отырысы өтті.

Аталған шараға ҚР Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың төрағасы Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы бастаған делегация қатысты. Делегация құрамында: ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапханалық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атқарушы директоры Юсупова А.Х.,  бас есепші Д.Б. Қазкенова, ұйымдастыру-аналитикалық жұмыстар қызметінің жетекшісі А.Н. Нұрсейітова, ғылыми-әдістемелік қызметінің жетекшісі Г.А. Маханбетова және топ жетекшісі А.Н. Шуленбаева. қорларды сақтау қызметінің жетекшісі Ф.К. Бектұрбекова, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі Ж.А. Тоқтарова. сыртқы байланыстар және имидждік жұмыстар қызметінің мамандары Т.Н. Урманбеков және Е.С. Қабдрашидов қатысты.

Шараны модератор - Маңғыстау облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Байпақов Әбілхайыр Жаңайұлы жүргізді. 

Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы пленарлық отырыста Маңғыстау облысының және Қ. Сыдиықұлы атындағы МОӘК-ның 50 жылдық мерейтойымен құттықтап, бірқатар әріптестерімізді "Қазақстанның құрметті кітапханашысы", "Кітапхана ісінің үздігі", "Кітапхана ісінің ардагері" төсбелгілермен және Алғыс хаттармен марапаттады.

Сонымен қатар, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Нұрғалиева Ғазиза Құдайбергенқызы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің басшысы Қуат Бораштың құттықтау хатын табыстады.

ҚР Ұлттық кітапханасының баспасөз хатшысы Урманбеков Таңжарық мерейтойға арнап арнау орындады.

Шараға республикалық және облыстық кітапхана басшылары, кітапхана ардагерлері, маңғыстаулық ақын-жазушылар мен кітапхана оқырмандары, БАҚ өкілдері қатысты.



16 қыркүйек күні  облыстық кітапханасында ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мырзағали Іңірбаевтың шығармашылығына арналған ...

Жаңалыққа өту  

Облысымызда отбасы күніне орай кимешек киген аналар шеруі ұйымдастырылып, кітапханамызда кимешек киген аналармен дөңгелек үстел өтуде.  ...

Жаңалыққа өту  

7 қыркүйек күні облыстық кітапханасының өнер бөлімінде Қазақстандық және бұрынғы кеңес театр, кино және опера режиссері, КСРО және Қазақстанның халық ...

Жаңалыққа өту  

Елiне асығып, туған жерiнiң топырағын иiскеу бақытына ие бола алмай жүрген қандастар қаншама. Олар қай жерде жүрсе де Отанына оралу мүмкiндiгiн ...

Жаңалыққа өту  

 22 шілде күні облыстық кітапханасының Өлкетану залында "Өзі батыр әрі би Бабық Мыңбай" атты Мыңбай Әжібайұлының туғанына 220 жыл толуына орай ...

Жаңалыққа өту  

18-19 шілде күндері облыстық кітапханада "ҚИССА сүл-әнбия", "Бейсен және болмыс" кітаптарының тұсау кесерлері өтіп жатыр, және кітап жәрмеңкесі ...

Жаңалыққа өту  

" ОН ТӨРТТЕ ЕЛ ТАНЫҒАН БОЛДЫМ БАЛДАЙ АҚЫН". Бүгін Қ. Сыдиықұлы атындағы Маңғыстау облыстық кітапханасы Өлкетану залында Өлкенің ақын қызы Балдай ...

Жаңалыққа өту  

Жақында кітапхана қорынан ала аласыздар! ...

Жаңалыққа өту  

⚜️АЙТУҒАН ЖЫРАУДЫҢ 220 жылдығына орай. Бүгін өлкетану залында маңғыстаулық ақын, сыбызғышы Айтуған Тайұлының биыл 220 жылдық мерейтойы аясында ...

Жаңалыққа өту  

Бүгін елімізде Ұлттық домбыра күні!  Құрметті оқырмандар! Сіздерді кітапханамыздың өнер бөлімінде ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалауға ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу